1977 жылы Қызылорда музыкалық колледжі ашылған күннен өз жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді.Училищенің алғашқы ашылған жылдары колледждің «Хор дирижеры» бөлімінің қабырғасын қалауға ат салысып бөлімнің ірге тасын қалаған оқытушылар Р.Салманов, Қ.Сахиев, В.Н.Троцук, В.И.Буркацкая, Т.А.Раптанова, Р.Н.Лыкова болды.
Ұлтымыздың аяулы перзенті Т.Жүргеновтің 125 жылдығына орай Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжі ұйымдастырған апталық іс-шара «Ұлт ойшылдары – Тұрмағамбет пен Т.Жүргенов» тақырыбындағы ғылыми-танымдық конференциядан бастау алды.
1977 жылы Қызылорда музыкалық колледжі ашылған күннен өз жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді. 40 жыл көлемінде 500-ге тарта мамандар даярланды. Бітірушілерге: «Хор дирижеры», «БММ оқытушысы» және алғашқы жылдары «Музыка пәні мұғалімі» квалификациясы беріліп келді, соңғы жылдары облыс бойынша балалар музыка мектептеріне Сольфеджио пәні оқытушысын даярлайтын бөлімнің жоқ екенін ескеріп, қасымша «БММ сольфеджио оқытушысы» квалификациясы беріліп келеді және де келешек бүгінгі күннің талабын ескере бітірушілерге қосымша «Бала-бақша музыка жетекшісі» квалификациясын беру жоспарланып отыр.
«Жақсы ұстаз ғана жетістікке жетуге жол ашады» - деген екен Леопольд Ауэр. Шәкірттерінің жоғары білім деңгейін көрсетуіне жөн сілтеп, биік белестерді бағындыруына көмектесетін ұстаздың еңбегі қашанда зор. Қазақы ұғымға келмейтін, шетелдік аспаптар саналатын үрлемелі - ұрмалы аспаптарды ойнаудың өзіндік қиыншылығы да жетерлік.

Әмзе Мүсілім Балтабайұлы