Бүгін: 03.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1977 жылы Қызылорда музыкалық колледжі ашылған күннен өз жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді.Училищенің алғашқы ашылған жылдары колледждің «Хор дирижеры» бөлімінің қабырғасын қалауға ат салысып бөлімнің ірге тасын қалаған оқытушылар Р.Салманов, Қ.Сахиев, В.Н.Троцук, В.И.Буркацкая, Т.А.Раптанова, Р.Н.Лыкова болды.

   Бөлімнің аралас хоры - Е.Б.Соколянскийдің жетекшілігімен 1992 жылы музыка училищелері аралық өтілген ІІІ Республикалық хор ұжымдарының конкурсында ІІІ орын иеленіп, лауреат атанды, 1994 жылы - хор жетекшісі Е.Б.Соколянский, және 1998 жылы хор - жетекшісі Жалғасбаева Ғанияның басшылығымен Павлодарда өткен Республикалық хор ұжымдары фестивалінде, 2003 және 2007 жылдары - Ордабай Канетовтың жетекшілігімен Ақтөбеде өтілген халықаралық «Жұбанов көктемі» хор ұжымдары фестиваліне қатысып, өзіндік орындаушылық мәнерімен, шеберлігімен ерекше көзге түсіп, арнайы дипломмен, сыйлықтармен марапатқа ие болды. Қазіргі таңда бөлімде: «Аралас хор» жетекшісі - Р.А. Қазбеков және  «Қыздар хоры» - жетекшісі Б.Б.Мұсабеков - хор ұжымдарының жұмысын жалғастырып келеді.

Аралас хор класында бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттестаттау бағдарламасы дайындалып, жылма-жыл жаңа, қызықты да тартымды шығармалар таңдалып, орындалады және де сол бағдарламалар бөлім оқушылары мен оқытушыларының талғамдары мен талаптырының да жетіле түсуіне үлкен әсер етеді. Әр жылы мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағалары хордың деңгейін, орындау, шеберлігін жоғары бағалап, және де жетекшісі Р.Қазбековтің ерен еңбегінің нәтижесі екенін, өз ісінің кәсіби маманы екендігін ерекше атап өтеді. Қыздар хор класын  бөлімнің және «Ән салу» бөлімінің білім алушыларыкешегі күнге дейін құрап келген. Соңғы 12-13 жыл көлемінде хорға жетекшілік етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаз, Болат Бахрамұлы жыл сайын үзбей Қыздар хорының шығармашылық - есептік концертін колледж білім алушылары мен оқытушыларының назарына ұсынып келеді, және де облыстық, қалалық іс- шараларға ат салысады. Нәтижесінде хордың репертуарлық қорының байи түсуіне, орындаушылық шеберлігі және мәдениетінің жетілуіне зор ықпалын тигізуде.

2002 жылдан бөлімге осы колледждің түлегі Балабаева Рыскул Камалқызы жетекшілік етіп келді. Алғашқы күндерден бастап бөлімдегі арнайы кәсіби бағдар беретін циклдық пәндердің сапасын және оқушылар мен оқытушылар арасында бәсекелестік пен белсенділікті арттыру мақсатында жылма-жыл бөлім ішілік: «Үздік дирижер»; «Хор партитурасын үздік орындаушы»; «Үздік хормейстер»; «Үздік ансамбльдік орындау» номинацияларымен конкурстар ұйымдастыруды және «Хор кластарының» есептік концерттерін өткізуді дәстүрге айналдырды. 2009 жылдан бастау алған Республикалық студенттер олимпиядысына жылма-жыл бөлім оқушылары қатысып, әр түрлі дәрежедегі дипломдар мен марапаттаулар иеленіп келеді. Оған баса назар аударып, жыл сайын оқушылар дайындап ат-салысып жүрген оқытушылар- Р.Балабаева, М.Жаманкеева, И.Ким, Р.Қазбековтың еңбектерін ерекше атап өтуге тұрарлық. 2017 жылдан бастап бөлім  меңгерушісі И.Ф.Ким. Жыл сайын бөлімде  «Хормен жұмыс жасау»; «Үздік аннотация» конкурстары; балалар хор фестивалі ұйымдастырылып тұр.Республикалық студенттер олимпиадасы оқушылардың қызығушылығын арттырып, ынталана тусуіне ықпалын тигізуде. Нәтижесінде бөлімішілік конкурстар мен олимпияда жеңімпаздары жоғары кәсіби музыкалық білім ошақтары Құрманғазы атындағы ҚҰК-на (Жаманкеева М.Р., Казбеков Р.А., Мұсабеков Б.Б., Ким И.Ф, Абуова А.С., Мұстафаева Р.Б.), Астана қаласындағы ҚҰӨУ-нің (Жаманкеева М.Р., Қазбеков Р.А., Ким И.Ф., Абуова А.С.).

 Біздін бітірушілеріміз осы аталып кеткен жоғары оқу орындарында,  Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академисының грант иегерлері атанып, білімдерін шыңдауда.

 

Әрбір оқытушы бөлімнің өміріне өзінін үлесін қосуда. Ертенгі болашақ сұранысын шәкірт бойыны сіңіру, бәсекеге қабілетті, заман талабына сай білікті маман даярлау – кәсіптік саласының басты міндеті болып қалады. Кәсіптік практикасына жаупкершілік С.Қ.Бағдаулетоваға жүктеліп, жұмыс өз бағытында жасалып тұр. Бөлімнің әдістемелік жұмысына жауапты оқытушылар: Абуова А.С.,  Жаманкеева М.Р.,  Ким И.Ф.,  Мұстафаева Р.Б.,  Бағдаулетова С.К.  Қазір бөлімде талантты және дарынды жас кәсіби мамандар жұмыс жасап жатыр.  Аралас хордың да концерттік қызметі ауқымды - көркемдік жетекшісі Қазбеков Р.А., хормейстерлері Рысмағамбетов Б., Қуаныш А.А.

Ким И.Ф.  2018  жылы  «Астана – Әлем  дауысы» атты  Халықаралық  хор  фестивалінде  вокалды – хор  ансамблін  өнер  көрсетуге  дайындады.

2022 жылы Ақтөбе  қаласында  өткен  «JUBANOVTAR   AYENI»  Халықаралық  хор  музыкасы  фестивалінде  ІІІ  Дәрежелі  Дипломмен  марапатталды. Жетекшісі: Рысмағамбетов Р.Б.

Сонымен қатар бөлімде вокалдық-хор ансамблі бар. Ансамбль колледждің, қаланың, облыстың барлық мерекелік шараларына белсенді қатысады. Көркемдік жетекшісі  Қуаныш А.А.

Шәкірттерін оқыта отырып тәрбиелеп, тәрбие бере отырып оқытып білім алушылырға  тәрбие бөлігіне жауапты оқытушылар: Жаманкеева М.Р.,  Абуова А.С.  және  Қайырбергенқызы  Жазира,  Каримова М.Ж.

Бөлімде Өнертану ғылымдарының магистрі Әлімжан Ж.Ә биылдан  бастап  жұмыс  атқарады.

Бейсенова Ұ.С. биылдан бастап колледжге жұмысқа келді, кәсіби практикаға  жауаты. 

Қазіргі  таңда  бөлімде 13  оқытушы  қызмет  атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған оқу процесі әрқашан өз нәтижесін беретіні анық.  Бұл нәтиже оқытушылардың теория мен тәжірибені ұштастырып, оқытудың түрлі әдістерін қолдану шеберліктеріне тікелей.  «Хорды дирижерлау» бөлімі ұйымшыл және тату жұмыс істейді.