Қызылорда облысының білім басқармасыныңҚазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2026 жылғы 29 мамырдағы № 26/1-нқбұйрығына сәйкес, кәсіпорынқ ұзіретінекіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде.
Осыған байланысты, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына жүргізілген ішк італдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 20 маусым Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол жағалау, 119Б мекен-жайында орналасқан Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залында жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.
Концертке қала мектептерінен келген жас өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Колледжде 3–4 курс студенттері жүргізетін педагогикалық тәжірибе пәнінің басты мақсаты – өнерлі оқушыларды кәсіби музыкалық білім алуға бағыттау. Пән барысында оқушыларға музыкалық колледждің кәсіби мүмкіндіктері мен шығармашылық ерекшеліктері таныстырылып, кәсіби бағдар беріледі.
Жылына екі рет өткізілетін академиялық тыңдалым нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар іріктеліп, сахнада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі концертте өнер көрсеткен жас таланттар – сол іріктеуден сүрінбей өтіп, сахнаға жолдама алған өнерлі оқушылар. ✨
Кеш барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Барша қатысушыларға, жетекшілерге және қолдау білдірген ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ағымдағы жылдың маусым айының 1-30 күндері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ішкі талдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Ішкі талдау 2026 жылдың қаңтар-маусым айын қоса алғанда қамтылатын болғандықтан, жоғарыда аталған Кәсіпорын құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.
Өз кезегінде, бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, академик, жерлесіміз, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев пен «Саутс Ойл» мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жаңа ғимаратта өнерлі жастар тәрбиелене беруіне тілек білдірді.
Аймақ басшысы өнер қайраткерлерінің лайықты ізін жалғайтын өнер ордасының Сыр мәдениетінің қарашаңырағына айналғанын атап өтті.
“Елу жылға жуық тарихы бар Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі Сыр топырағында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне зор үлес қосып келеді.
Бүгінге дейін оқу орны талапқа сай келмейтін ескі ғимаратта қиындықтарға қарамастан жастарға білім беріп, өнерге баулыды.
Жаңа ғимаратта студенттерге барлық жағдай жасалған. Үлкен концерт, би залдары, хор бөлмесі бар.
Кең музыкалық пәндік кабинеттер жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай келетін 200 орындық жатақхана шалғай елді мекеннен келген жас өрендерді қабылдауға дайын.
Күн сайын жаңарып, жасарған Сыр өңірінің жаңа келбетіне көрік берген музыкалық колледждің ғимаратын салуға демеушілік жасап, қолдау көрсеткені үшін «Саутс-Ойл» компаниясының басшысы, елімізге белгілі меценат Серікжан Сейтжанұлына барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан шынайы ризашылығымды білдіремін.

Әмзе Мүсілім Балтабайұлы