Бүгін: 05.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

І Облыстық қобызшылар байқауы өтті. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің “Халық аспаптар” бөлімі “Қобыз” сыныбы оқытушысы, “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері С.С.Пұсырманова мен бірлестік оқытушыларының ұйымдастыруымен І Облыстық қобызшылар байқауы өтті.

Бұл байқау Сыр елінде қобыз өнерін дамыту үшін облысымыздағы өнер мектептеріндегі білім алып жатқан қобызшы жастарымызды шабыттандыру мақсатында, қобыз аспабын барынша насихаттау, дамуына ықпал ету, дарынды жастарды анықтау, қолдау көрсету, өнерлерін дамыту және осы байқау арқылы таныту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың міндеті - жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениеттерін дамыту, музыка өнеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту болып табылады. Байқауға Арал, Қазалы, Байқоңыр, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының өнер мектептерінің оқушылары қатысты.