Бүгін: 03.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Облыс мәдениеті мен өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып, кәсіби музыкалық білім беретін, Сыр елінің мәдениеті мен өнерін республикалық, халықаралық деңгейде көрінуіне еңбек сіңіріп жатқан  Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі 1977 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен ашылды.

Колледжде «ҚР Оқу – ағарту министрлігі  Білім  саласында  сапаны  қамтамасыз  ету  комитетінің  Қызылорда  облысының  білім  саласында  сапаны  қамтамасыз  ету  департаменті» мемлекеттік  мекемесі   және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2022 жылғы 21 қарашадағы  №КZ75LAA00032801  лицензиясы негізінде білім беру қызметін кәсіптік орта білімді мамандықтар бойынша мамандар даярланады.

Лицензияға сәйкес мамандықтар:

 

02150100  Аспаптық  орындау (түрлері бойынша):

4S02150101  Концертмейстер, балалар  музыка  мектебінің  оқытушысы

4S02150102  Оркестр әртісі (дирижер), балалар  музыка  мектебінің  оқытушысы

4S02150103 Халық аспаптар  оркестрінің  әртісі (дирижер), балалар  музыка  мектебінің  оқытушысы.

 

02150300 Вокалдық  өнер

4S02150301 Академиялық  ән  салу  әртісі, балалар  музыка  мектебінің  оқытушысы.

4S02150302  Дәстүрлі  ән  салу  әртісі, балалар  музыка  мектебінің  оқытушысы.

 

02150400 Хорды дирижерлау

            4S02150401  Хормейстер, оқытушы.

           

02150700   Хореографиялық  өнері

4S02150702   Би  ансамблінің  әртісі.

 

    Колледж ұжымы облыс көлеміндегі мәдени іс-шараларға толығымен қатысып, олардың өз дәрежесінде өтуіне аянбай еңбек етеді. Колледжге 1999 – 2022 жылдар аралығында  басшылық  еткен  К.Ш.Ботабаев ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері, «Астана» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері облысымыздың мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге зор үлес қосты. Сонымен қатар облыстық филармонияда Тұрмағамбет атындағы «Халық аспаптары» оркестрін және камералық оркестрін құрып, осы күнге дейін қызмет атқаруда.  Халықаралық, республикалық, облыстық мерекелік іс-шараларға қатысып, халық құрметіне бөленіп жүрген оркестр дирижері, жоғары санатты, білікті маман.

Колледжде 130 оқытушы қызмет атқарады. Оның ішінді жоғары санатты – 13, педагог – шебер – 1, педагог – зерттеуші – 11, І санатты – 18, педагог – сарапшы – 22, ІІ санатты – 18, педагог – модератор – 36 оқытушылар құрайды.

Колледж жанынан құрылған

  • «Халық аспаптары» оркестрі (жетекшісі К.Ш.Ботабаев);
  • Аралас хор (жетекшісі Р.Қазбеков);
  • Қыздар хоры (жетекшісі Болат Мұсабеков);
  • «Үрлемелі аспаптар» оркестрі (жетекшісі Р. Балмасов);
  • «Шаттық» би ансамблі (жетекшісі Т.Бақтыбаев) бар.

Осы аты аталған ұжымдар республика, облыс, қала көлемінде өтетін көптеген мәдени іс-шараларға белсене қатысады.

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, колледжден бітірген сан мыңдаған шәкірттер республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Олардың ішінде елге танылып, халық аузында жүргендері де колледждің абыройы. Атап айтар болсақ,Қазақ Ұлттық консерваториясының оқытушысы Т.Тоқжанов пен С.Пұсырманова колледждің алғашқы лауреаттары. АҰПУ-дің профессоры Е.Мұстафаев, Ә.Әбсадықов, Е.Жүсіпов, Е.Нұрымбетов,Қазан қаласындағы Татар ұлттық консерваториясының профессоры З.Салихова, М.Әуезов атындағы академиялық драма театр актері Ғани Құлжан, Астана Опера солисті Бибігүл Жанұзақ, Астана мемлекеттік филармониясының әншісі Сымбат Тасбергенова, Абай атындағы Алматы Академиялық опера және балет театрының солисті Мақсат Мақұлбеков, Шымкент опера және балет театрының солистері Гаухар Ахетова, «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзе, Батыс Қазақстан облысының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі, бас дирижері Еркін Нұрымбетов,лауреаттар А.Сқақов, А.Шағдатов, Б.Дүйсенғазиев, А.Нұрсұлтанова,халықаралық конкурстардың жүлдегері «Ұлытау» тобының домбырашысы Е.Әлімбетов, Р.Баекеев, эстрада жұлдыздары М.Сәдуақасова, А.Кішкенбаев, Қ.Оспанов – колледж түлектері.

Колледжден бітірген көптеген түлектер өз уақытында оқу орнының абыройын аспандатып, мәртебесін көтергені – сапалы білім мен саналы тәрбиенің жемісі. Париж қаласындағы дүние жүзі балалар шығармашылығы фестивалінде А.Кішкенбаев, А.Ибраева лауреат атанса, «Super star» Мега проектісінің жүлдегері А.Кішкенбаев, Таллинде өткен «Апплаус» жас орындаушылар байқауының лауреаты Р.Садықов, Ғ.Мұратова, республикалық «Жас қанат» байқауының бас жүлдегерлері М.Сәдуақасова, Қ.Оспановтарды атап өтпеу мүмкін емес. 1991 жылы Игілікова Жәмила қобыз номинациясы бойынша республикалық конкурстың лауреаты,2002жылы Садықова Інжу республикалық конкурстың лауреаты атанды. 2006 жылы Жүсіпова Анар Орал қаласындағы ІІ халықаралық Ш.Жиенқұлова атындағы байқаудың бас жүлде иегері. 2008 жылы Әлшекей атындағы республикалық конкурстан ІІІ орын,2010 жылы «Шығыстың шыңырау күйлері» республикалық конкурсынан Төрахмет Махаббат ІІІ орын иемденді.2014 жылы Өскемен қаласында өткен Құрманғазы атындағы Республикалық күйшілер конкурсында Абдуахап Сымбат ІІІ орын алса,Орал қаласында өткен республикалық конкурста Тұрғанбекқызы Сандуғаш ІІІ орын иеленді. Республикалық конкурста алғаш баянистерден Аманов НұрлыбекІІІ орын лауреат, артыншаЖұбанов Ғазиз республикалық конкурстың ІІІ орын, Республикалық олимпиаданың ІІ орын, Қазақстанның VІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының қола медаль иегері болды. Осылайша қазіргі күні баян класынан жылда лауреаттар шығып отырады. 2011 жылы республикалық жас орындаушылар конкурсында «Академиялық ән салу» номинациясында сопрано Тыныштық Шахризада, меццо сопрано Қарғаева Зухра, баритон Мәлік Азат, бас дауысы бойынша Мұханов Ербол І орын лауреат атанып, колледж мәртебесін одан да биікке самғатты. 2015 жылы Астанада өткен Н.Тілендиев атындағы ІV Халықаралық «Өз елім» саз фестивалі өтті. Колледждің «Ән салу» бөлімінен 4 курс оқушылары Тыныштық Бибігүл және Айдарбекова Мадина Астана - операда жұмыс жасайтын солистермен бәсекелесіп, жүлделі орындарды иеленіп қайтты. 2016 жылы Астана қаласында өткен Е.Рахмадиев атындағы І халықаралық конкурста Алтынбек Айгерім «вокалдық өнер» бойынша ІІ орын, Санкт-Петербург қаласында өткен V халықаралық Б.Т.Штоколов атындағы вокалистер конкурсында ІІІ орын алып келді. 2015-2016 жылы І Республикалық фортепиано конкурсында халық аспаптар бөлімінен Г.Берікқызы ІІ орын, Ән салу бөліміненЕ.Бөрібай ІІ орын, Ішекті аспаптар бөлімінен А.Шукурбаева ІІІ орын алып келді. ІІ Халықаралық фортепиано конкурсында Халық аспаптары бөлімінен Рамат Жанғазы ІІІ орын лауреат атанды. ХХХVІІ Республикалық жас орындаушылар конкурсында қобыз номинациясы бойынша халық аспаптар бөлімінің ІІІ курс оқушысы Берікқызы Гүлдана ІІ орын, прима бойынша ІІІ курс оқушысы Тигай Кристина ІІ орын, сазсырнай номинациясы бойынша ІІІ курс оқушысы Бағланқызы Гүлім ІІ орын, баян аспабы бойынша Пірназарова Жансая ІІІ орын, Дельфийлік ойындарынан «Алтын медаль» иегері атанып келді. Осы жылы «Тарих толқынында» атты ХІ республикалық Ұлттық дельфий ойындарында хореография өнері бөлімінің оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.

2011 жылдан бастап колледж жанынан ашылған балалар музыка мектебі 110 ға жуық оқушы қабылдап, өрісін кеңейтіп, балалар мектебінің бишілері Испанияда өткен Халықаралық конкурста І орын, Халықаралық «Бозторғай» конкурстарында жүлделі ІІ орын иемденді. 2016 жылы ән салу бөлімінің оқушылары Таллинде өткен ІІ халықаралық Георг Отс атындағы конкурста академиялық вокал номинациясы бойынша лауреат атанып келді. Санкт – Петербург қаласында өткен Елена Образцова атындағы VІ халықаралық конкурсында ән салу бөлімінің оқушылары дипломант атанып, Өтегенов Абылай арнайы жүлдемен марапатталып қайтты