Бүгін: 05.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

12 мамырда Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінде “Музыкалық - теориялық пәндер” бірлестігімен Облыстық оқу орталығының (Әдістемелік кабинет) бірлесе ұйымдастыруымен “Сольфеджио” пәнінен БММ оқушыларымен өнер мектептерінің 5 - 7 сыныптар оқушыларының арасында І Облыстық байқау өтті.

Байқауға Арал аудандық өнер мектебі, Қазалы ауданындағы Қорқыт - ата атындағы өнер мектебі, Байқоңыр қаласындағы 1 балалар музыка мектебі, Сырдария ауданының өнер мектебі, Шиелі ауданының өнер мектебі, Жаңақорған ауданындағы Әлшекей атындағы өнер мектебі және Қызылорда қаласындағы М.Қалауов атындағы өнер мектебі мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжіне қарасты өнер мектебінің оқушылары қатысты.