Бүгін: 30.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің 1–2 курс студенттері Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Жұлдызды гид» жобасы аясындағы тағылымды кездесуге қатысты.

Шара барысында студенттер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, этнофольклортанушы ғалым, сахнагер Берік Мырзалыұлы Жүсіповтің авторлық экскурсиясына қатысып, музейдің «Этнография» залындағы ұлттық мұралармен кеңінен танысты.

Экскурсия барысында қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі, ат-әбзелдері, ер-тұрман жабдықтары, киіз үйдің құрылымы және оның шаңырақ, кереге, уық секілді бөліктерінің халықтық танымдағы маңызы туралы мазмұнды ақпараттар берілді. Сонымен қатар ұлттық қолөнердің ерекшеліктері мен халқымыздың дүниетанымы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Кездесудің екінші бөлімі «Жақсыменен жүздескен – жарты сағат» айдарымен жалғасын тауып, еркін форматтағы сұхбат барысында Берік Мырзалыұлының ғылыми-шығармашылық жолы, этнофольклор саласындағы ізденістері, сахна өнеріндегі тәжірибесі және ұлттық өнерді насихаттаудағы еңбегі туралы әңгіме өрбіді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды