Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі Қазақстан Республикасындағы шығармашылық білім берудің жетекші оқу орны ретінде музыкалық мектептер, филармониялар, оркестрлік және хор ұжымдары үшін кәсіби мамандарды даярлайды. Қазіргі таңда оқу орнында классикалық және халық музыкалық аспаптарының орындаушылары, академиялық вокалистер мен дәстүрлі әншілер, хор және оркестр дирижерлері, хореография өнері мамандары білім алуда.
Осыған байланысты, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі Ашық есік күнін өткізілді. Осы орайда сіздің мектепте оқитын бітіруші оқушылар мен олардың мұғалімдері Ашық есікке қатысты. Бұл күні колледждің ішкі тынысымен жақынырақ танысып, кәсіби мамандардың шеберлік сағаттарына қатысты.