Бүгін: 04.06.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Концертке қала мектептерінен келген жас өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Колледжде 3–4 курс студенттері жүргізетін педагогикалық тәжірибе пәнінің басты мақсаты – өнерлі оқушыларды кәсіби музыкалық білім алуға бағыттау. Пән барысында оқушыларға музыкалық колледждің кәсіби мүмкіндіктері мен шығармашылық ерекшеліктері таныстырылып, кәсіби бағдар беріледі.

Жылына екі рет өткізілетін академиялық тыңдалым нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар іріктеліп, сахнада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі концертте өнер көрсеткен жас таланттар – сол іріктеуден сүрінбей өтіп, сахнаға жолдама алған өнерлі оқушылар. ✨

Кеш барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Барша қатысушыларға, жетекшілерге және қолдау білдірген ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!