Директор |
Әмзе Мүсілім Балтабайұлы
|
Жалпы сипаттамасы |
Колледждің ашылған жылы – 1977ж. (қайта құрылды-1999 ж.) Ғимарат түрі – ыңғайластырылған Меншік түрі –мемлекеттік Оқу ғимаратының жобалық қуаттылығы, сыйымдылығы -300
|
Негізгі көрсеткіштер |
2024-2025 оқу жылындағы білім алушылар саны - 346, оның ішінде: - мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде - 343 - ақылы негізде – 3 2024 жылы барлық қабылданған оқушылар саны - 110, оның ішінде: - мемлекеттік білім беру тапсырысымен қабылданғандар - 107; - ақылы – 3 Барлық күндізгі бөлім бойынша бітірушілер саны – 66, оның ішінде: - мемлекеттік білім беру тапсырысымен бітіргендер -66
|
Қызметкерлер саны: |
Штаттық бірліктегі қызметкерлер саны –174, оның ішінде: - Оқытушылар - 137 · жоғары категория –5 · педагог-шебер – 1 · педагог-зерттеуші - 15 · І категория – 2 · педагог-сарапшы - 40 · ІІ категория - 2 · педагог-модератор - 63 педагог –44 Философия докторы – 1 Қауымдастырылған Профессор – 1 Құрметті Профессор – 1 Аспирант – 2 Магистр – 13 Санаты жоқ – 28; - Техникалық қызметкерлер – 37.
|
Инфраструктурасы: |
МТБ-мен жабдықталуы: - оқу ғимараты – 1 - 100 орындық жатақхана - кабинеттер – 95 - 30 орындық буфет немесе асхана - акт залы – 1 - камералық зал - 1 - оркестр залы - 1 - би залы - 2 - оқу лабораториялары – 1
|
|
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» - 1 «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегерлері – 2 «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» - 2 ҚР білім беру ісінің үздігі – 1 ҚР «Құрмет» орденінің иегері – 3 ҚР Мәдениет саласының үздігі - 8 ҚР Мәдениет қайраткері – 4 ҚР «Ерен еңбегі» медалінің иегері - 2 |
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, академик, жерлесіміз, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев пен «Саутс Ойл» мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жаңа ғимаратта өнерлі жастар тәрбиелене беруіне тілек білдірді.
Аймақ басшысы өнер қайраткерлерінің лайықты ізін жалғайтын өнер ордасының Сыр мәдениетінің қарашаңырағына айналғанын атап өтті.
“Елу жылға жуық тарихы бар Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі Сыр топырағында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне зор үлес қосып келеді.
Бүгінге дейін оқу орны талапқа сай келмейтін ескі ғимаратта қиындықтарға қарамастан жастарға білім беріп, өнерге баулыды.
Жаңа ғимаратта студенттерге барлық жағдай жасалған. Үлкен концерт, би залдары, хор бөлмесі бар.
Кең музыкалық пәндік кабинеттер жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай келетін 200 орындық жатақхана шалғай елді мекеннен келген жас өрендерді қабылдауға дайын.
Күн сайын жаңарып, жасарған Сыр өңірінің жаңа келбетіне көрік берген музыкалық колледждің ғимаратын салуға демеушілік жасап, қолдау көрсеткені үшін «Саутс-Ойл» компаниясының басшысы, елімізге белгілі меценат Серікжан Сейтжанұлына барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сан ғасырлық тарихы бар қазақ музыкасының бір саласы – Ән өнері. Әнге деген сүйіспеншілік – қазақтың ұлттық қасиеті. Кәсіби білім алып әнші болуды, ұлтымыздың өнерін асқақтатып, эстетикалық тәрбие беруде еліне қызмет етуді арман еткен жастар біздің колледждің «Ән салу» бөлімінде оқып, осы бөлім ұстаздарынан тәрбие алып, әлемнің үлкен сахналарында өнер көрсетуде. Жалғанда адам дауысына тең келетін аспап жоқ.
1977 жылы Қызылорда музыкалық колледжі ашылған күннен өз жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді.Училищенің алғашқы ашылған жылдары колледждің «Хор дирижеры» бөлімінің қабырғасын қалауға ат салысып бөлімнің ірге тасын қалаған оқытушылар Р.Салманов, Қ.Сахиев, В.Н.Троцук, В.И.Буркацкая, Т.А.Раптанова, Р.Н.Лыкова болды.
«Жақсы ұстаз ғана жетістікке жетуге жол ашады» - деген екен Леопольд Ауэр. Шәкірттерінің жоғары білім деңгейін көрсетуіне жөн сілтеп, биік белестерді бағындыруына көмектесетін ұстаздың еңбегі қашанда зор. Қазақы ұғымға келмейтін, шетелдік аспаптар саналатын үрлемелі - ұрмалы аспаптарды ойнаудың өзіндік қиыншылығы да жетерлік.
1977 жылы Қызылорда музыкалық училищесі ашылған күннен бастап құрылған. Бірлестікте алғашқы кезеңінде қызмет жасаған оқытушылар Т.Г.Синявская, Р.Г.Чернова, Қ.Қ.Сахиев, И.Н.Котляровская, Д.С.Ахметова, И.С.Гаризанов, М.Ә.Ахметов, А.Жетпісбаев, Г.Н .Куропятникова (Порубь), Н.В.Голубочкина (Асанова), И.А.Ким.
Әмзе Мүсілім Балтабайұлы