Бүгін: 03.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Жақсы ұстаз ғана жетістікке жетуге жол ашады» - деген екен Леопольд Ауэр. Шәкірттерінің жоғары білім деңгейін көрсетуіне жөн сілтеп, биік белестерді бағындыруына көмектесетін ұстаздың еңбегі қашанда зор. Қазақы ұғымға келмейтін, шетелдік аспаптар саналатын үрлемелі - ұрмалы аспаптарды ойнаудың өзіндік қиыншылығы да жетерлік.

Колледж ашылған күннен бастап жұмыс жасайтын бөлімде ең алғаш үш оқытушы жұмыс істеді, атап айтар болсақ, Евгений Новоженов – кларнет класы, Мұхамбет Досмұқамбетов – флейта класы және Владимир Габышев – труба класы. Ол кезде бөлім «Үрлемелі және шекті аспаптар» болды және оның меңгерушісі болып Евгений Новоженов қызмет атқарды. Уақыт өте келе бөлімге жаңа оқытушылар келе бастады. Бұл ұстаздарды атап айтар болсақ, Николай Троцук – тромбон, Федор Пак – труба, Иса Садулов – флейта, Николай Пак – труба, Константин Цай – кларнет, Бауыржан Шукенов – кларнет, Мандибек Ереулиев – кларнет, Юрий Абрамов – тромбон, Ермек Бисембаев – труба, Абдрахимова – Гафурова Фания – флейта, Ерболат Сисенов – труба. Бұл оқытушылар бөлімде әр жылдары қызмет атқарды. Бүгінгі таңда бөлімде 13 оқытушы қызмет атқарады. Оларды атап өтер болсақ: Қалжекен Рауан – флейта класы. Ыбаш Абылайхан – флейта класы. Руслан Балмасов – гобой класы және үрлемелі оркестр жетекшісі. Қалдыбеков Мақсат – гобой класы. Болат Шауменов – кларнет класы, Қуандық Еламан – кларнет  класы. Марлен Баимбетов – фагот класы.  Асанәлі Мұхамеджанов – саксофон класы, Ұлықпан Ғалымжан – саксофон  класы. Маханбетов Дарын – соқпалы аспаптар класы, Ботабаев Данияр – соқпалы  аспаптар  класы. Кенжебек Ержанов – тромбон класы. Ахметкалиев Темірлан – валторна класы.