«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН»


Ұлттық рухтың ұраншысына айналған Өзбекәлі қазақ мәдениетінің , тілінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңғыруына сүбелі үлес қосты.
Өзбекәлі өз заманында халық игілігі үшін радио, газет-журнал, театр мен музей ашқан ұлт жанашыры. Шәмші әндерін таратып қана қоймай, қазақтың ұлттық биін де жаңғыртты.
Өзбекәлі Жәнібек мәдениет министрлігіне келген бойда қазақтың сәулет ескерткіштерін қолға алды. Әсіресе, әулие кесенесі негізінде құрылған «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің құрылуына қосқан үлесі зор.

