Бүгін: 05.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыка колледжінің директоры м. а., Қызылорда облыстық симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор

1977 жылы 23 қаңтарда Түркістан облысы, Келес ауданында дүниеге келген.

1995 жылы Қызылорда музыка колледжін халық аспаптары бөлімінің домбыра мамандығы және шекті аспаптар бөлімінің контрабас мамандығы бойынша қатар тәмәмдаған.

2000 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық аспаптары факультетін домбыра мамандығы және оркестр факультетін контрабас мамандығы бойынша қатар тәмәмдаған.

2010 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «опера-симфония дирижері» мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясы магистратурасын аяқтаған. Өнертану ғылымының магистрі.

2019 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторантурасын аяқтаған. 

2017 жылдан ҚР композиторлар Одағының мүшесі.

2017 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды.

2021 жылы 2 наурызда ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен өнертану мамандығы бойынша «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы берілді.

2022 жылы 21 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «6D040500 – Дирижерлеу» БББ бойынша «Қазақстанның дирижерлік өнері: қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері» тақырыбында диссертация қорғап, философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алды.

2008–2014 жылдары А. Жұбанов атындағы РҚМММИ симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері.

2008 жылы дирижер В. Папянның жетекшілігімен Ашдод симфония оркестрінде (Израиль), 2009 жылы профессор Т. Мыңбаевтың жетекшілігімен Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында, 2017 жылы дирижер Георг Фритц жетекшілігімен Munchen Simphoniker (Германия) оркестрінде тәжірибеден өткен.

2009 жылдан ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері. Алғашқы дебют концертін Израильдің Ришон ле-Зион және  Ашдод қалаларында өткізді.

2008–2023 жылдары Н. Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері қызметін атқарды. Токионың Персимон-Холл сахнасында өнер көрсеткен.

2010–2012 жылдары Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері.

2011–2023 жылдары П. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері болды.

2019–2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы.

2020 жылдан Қызылорда облыстық филармониясының музыкалық жетекшісі.

2022 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры.

2023 жылдан Қызылорда облыстық филармониясы симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

2023 жылдан Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыка колледжінің директоры м. а.

«Мәлік Жаппасбаевтың музыка мұрасы» оқу құралының авторы (Алматы: Орхон, 2022)

«Ғасырлар пернесі» (DVD, 2012), «Дирижер Мүсілім Әмзе» (DVD, 2013), «Сырлы саз» (CD, 2014), «Көкбалақ» (CD, 2015) жинақтары жарыққа шыққан.

«Мәңгілік сарын» атты домбыра күйлері антологиясының (2007), «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» (2009), «Шаһнама» (2013) атты антологиялық жинақтардың құрастырушысы. «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» (2015) антологиясының музыкалық редакторы.

Республикалық жас орындаушылар конкурсының (Алматы, 1994), Қ. Ахмедияров атындағы күйшілер конкурсының (Алматы, 1996), М. Төлебаев атындағы Республикалық «Алтын таяқша» дирижерлер конкурсының (Талдықорған, 2013) лауреаты және I халықаралық Н. Тілендиев атындағы дирижерлер конкурсының (Астана, 2008) дипломанты.

Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрімен 2012 жылы «Ғасырлар пернесі», Н. Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрімен «Сырлы сарын» (2012), «Сырлы саз» (2013), «Аңсау» (2014), «Гүлден, елім» (2016), «Жастық шақ» (2019), ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен «Тарихын тасқа таңбалап» (2015) атты жеке концерті өткен. Балаларға арналған музыкалы-танымдық «Сүйікті ертегілер», «Музыка әліппесі», «Музыкалы калейдоскоп», «Музыкалы Еуропа», «Классиканың сиқырлы сазы» және т. б. жылдық абонемент концерттердің авторы.

Қытай, Түркия, Израиль, Ресей, Украина, Корея, Үндістан, Румыния, Жапония, Италия  секілді көптеген шет мемлекеттерде өнер көрсеткен.

М. Б. Әмзе туралы Республикалық мерзімді бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше мақала-сұхбат жарық көрген. Дәстүрлі оркестрлік музыка жайлы бірнеше ғылыми мақаланың авторы.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасы» (2014).

Қызылорда облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» (2015).

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2015).

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2017).

Халықаралық Түрксой ұйымының «М. Төлебаев – 100 жыл» мерекелік медалі (2018).

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісі (2022).

Қазақстан Республикасының "Құрмет" ордені (2023)