Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Қызылордақаласы, Желтоқсан көшесі, ғимарат 10А) 2023-2024 оқу жылына конкурстық негізіндегі тұрақты бос колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары қызметіне конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы          13 шілдедегі №338 бұйрығы (Қ.Р Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығы) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімін растайтын құжат.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

Лауазымдық міндеттері:

      оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді;

      оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      оқу сабақтарының кестесін жасауға қатысады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нұсқаулықтарға сәйкес белгіленген есептік құжаттаманы уақтылы жасауды қамтамасыз етеді;

      өндірістік оқыту бойынша кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады, біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады;

      педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;

      заманауи техника мен өндіріс технологиясын зерделеуді, жаңа оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды құруды және жұмыс істеп тұрғандарын қайта жабдықтауды ұйымдастырады;

      кәсіптік-техникалық циклдің пәндері бойынша әдістемелік бірлестік пен әдістемелік комиссиялардың жұмысын және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;

      аға шебердің, өндірістік оқыту шеберлерінің, өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы практика жетекшілерінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды;

      білім беру ұйымдары түлектерінің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

      оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;

      педагогтер мен білім алушылар арасында кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуді ұйымдастырады;

      оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша, шеберханалар мен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;

      білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

      Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекс, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдікпроцессуалдық Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары;

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогикалық этиканың нормалары;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

   тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл кәсіптік педагогикалық қайта даярлауы бар;

Басшы блогы

Әмзе Мүсілім Балтабайұлы