Сегодня: 30.10.2026
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің 1–2 курс студенттері Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Жұлдызды гид» жобасы аясындағы тағылымды кездесуге қатысты.

Шара барысында студенттер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, этнофольклортанушы ғалым, сахнагер Берік Мырзалыұлы Жүсіповтің авторлық экскурсиясына қатысып, музейдің «Этнография» залындағы ұлттық мұралармен кеңінен танысты.

Экскурсия барысында қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі, ат-әбзелдері, ер-тұрман жабдықтары, киіз үйдің құрылымы және оның шаңырақ, кереге, уық секілді бөліктерінің халықтық танымдағы маңызы туралы мазмұнды ақпараттар берілді. Сонымен қатар ұлттық қолөнердің ерекшеліктері мен халқымыздың дүниетанымы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Кездесудің екінші бөлімі «Жақсыменен жүздескен – жарты сағат» айдарымен жалғасын тауып, еркін форматтағы сұхбат барысында Берік Мырзалыұлының ғылыми-шығармашылық жолы, этнофольклор саласындағы ізденістері, сахна өнеріндегі тәжірибесі және ұлттық өнерді насихаттаудағы еңбегі туралы әңгіме өрбіді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды

Қызылорда облысының білім басқармасыныңҚазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2026 жылғы 29 мамырдағы № 26/1-нқбұйрығына сәйкес, кәсіпорынқ ұзіретінекіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде.

Осыған байланысты, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына жүргізілген ішк італдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 20 маусым Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол жағалау, 119Б  мекен-жайында орналасқан Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залында жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.    

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ағымдағы жылдың маусым айының 1-30 күндері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ішкі талдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Ішкі талдау 2026 жылдың қаңтар-маусым айын қоса алғанда қамтылатын болғандықтан, жоғарыда аталған Кәсіпорын құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.
Өз кезегінде, бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Концертке қала мектептерінен келген жас өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Колледжде 3–4 курс студенттері жүргізетін педагогикалық тәжірибе пәнінің басты мақсаты – өнерлі оқушыларды кәсіби музыкалық білім алуға бағыттау. Пән барысында оқушыларға музыкалық колледждің кәсіби мүмкіндіктері мен шығармашылық ерекшеліктері таныстырылып, кәсіби бағдар беріледі.

Жылына екі рет өткізілетін академиялық тыңдалым нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар іріктеліп, сахнада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі концертте өнер көрсеткен жас таланттар – сол іріктеуден сүрінбей өтіп, сахнаға жолдама алған өнерлі оқушылар. ✨

Кеш барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Барша қатысушыларға, жетекшілерге және қолдау білдірген ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!